Лицей кітапханасы

 

Кітапхана меңгерушісі: Бейсекенова Ольга Александровна

Білімі: арнайы орта, “Кітапхана ісі” мамандығы бойынша Ақсу колледжі. Жаяу Мұса.
Жалпы кітапханалық өтілі: 27 жыл.

 

Кітапхана қоры

  • Кітап саны: 22402 дана.,
  • Көркем әдебиет қоры: 14425 дана.,
  • Электронды оқулықтар: 293 дана,
  • Ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер: 920 дана.,
    Оқулықтар мен оқу әдебиеттері қоры: 8485 дана.,
  • Оқу және көркем әдебиеттерді шығару және қабылдау “Peninsula Quick track pro” электронды каталог жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Кітапхананың жұмыс кестесі

Дүйсенбі-жұма 8.00-ден 17.00-ге дейін
Сенбі, жексенбі-демалыс күні
Айдың соңғы жұмасы-тазалық күні

 

 

Мектеп кітапханасының міндеттері:

  • Мектеп кітапханасы білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі болып табылады және ол келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
  • Мектептің және мектеп бағдарламасының концепциясында тұжырымдалған білім беру міндеттерін қолдау және қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың ақпаратты қолдану дағдыларын иеленуге, тәжірибеде алынған деректерді қолдануға түрткі болу.
  • Оқушылардың мәдени және әлеуметтік сана-сезімін тәрбиелейтін іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Мектептің міндеттерін іске асыруға жәрдемдесе отырып, оқушылармен, мұғалімдермен, әкімшілікпен және ата-аналармен жұмыс істеу.
  • Кітап оқуды, мектеп ішінде, сондай –ақ одан тыс жерлерде мектеп кітапханасының ресурстарын және қызметін насихаттау.
  • Кітапхананың көркем, әдістемелік және оқулық қорларын сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.

 

Кітапхананың негізгі функциялары:

Мектеп кітапханасының негізгі функциясы: білім беру, ақпараттық және мәдени функция.

Мектеп кітапханасы кітаптарды және басқа да ақпараттық, көркем және құжаттама көздерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл материалдар оқулықтардағы және басқа оқу материалдары мен әдістемелік әзірлемелердегі ақпаратты толықтыруға және кеңейтуге үнделген.

 

 

 

 

“Оқитын мектеп” жобасы