Лицей тарихы

2000 жылдың қараша айында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында көпсалалы жалпы білім беретін мектеп-лицей ашылды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” ММ болып өзгертілді.


Жумадирова Кайныш Курмашевна

Мектеп-лицейдің бірінші директоры (2000-2008 гг.), «ҚР білім саласының үздігі», Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегеру, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» медалі, педагогикалық ғылымдарының кандидаты.


2003-2004 жылдары – «Облыстық көп салалы мектеп-лицей» – Білім беру қызметінің сапасы бойынша облыстық конкурстың жеңімпазы. 2004 жылы лицей “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” мемлекеттік мекемесі мәртебесін алды (Павлодар облысы әкімдігінің 31 желтоқсандағы қаулысы).


2005 жыл – жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қорытындысы бойынша “Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп – лицейі” ММ – “ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ команда-2005” атағына ие болды.


2008 жыл – Оқушылардың республикалық олимпиадасында жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелері үшін. ММ “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” – “Үздік олимпиадалық мектеп -2008» атағына ие болды.


Нуркешов Тимур Сейткажиевич

2009-2014 жылдары лицей басшысы. Психология магистрі, ҚҰ БҒМ және ББ құрмет грамоталарының иегері, «Дарын» РҒПО-ның 10-жылдығына орай медаль иегері, С. Торайгыров атындағы ПМУ-нің 50 жылдығына арналған медаль.


2009 жыл – Оқушылардың республикалық олимпиадасында жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелері үшін. ММ “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” – “Үздік олимпиадалық мектеп -2009» атағына ие болды.


2010 жыл – Оқушылардың республикалық олимпиадасында жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелері үшін. ММ “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” – “Үздік олимпиадалық мектеп -2009» атағына ие болды.


2010 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша “Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” ММ облыста 2 орын және республикада 5 орын алды, орташа балл 116,6


2011 жыл – Оқушылардың республикалық олимпиадасында жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелері үшін. ММ “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” – “Үздік олимпиадалық мектеп -2009» атағына ие болды.


2012 жыл – Оқушылардың республикалық олимпиадасында жоғары дайындық деңгейі мен үздік нәтижелері үшін. ММ “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі” – “Үздік олимпиадалық мектеп -2009» атағына ие болды.


2013 жылдың 1 тамызында Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп – лицейі “Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей –интернаты” ММ болып өзгертілді. 2013 жылдан бастап лицей – интернат орналасқан жерін өзгертті және қазіргі уақытта Катаев көшесі, 63 мекенжайы бойынша жеке ғимаратта орналасқан.


Олимпиада жеңімпаздарының ең жоғары нәтижесі 2013 жылы болды: 34 облыстық олимпиадада және 7 Республикалық олимпиадада.


2013 жылы “Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей –интернаты” ММ “Үздік білім беру ұйымы” байқауының жеңімпазы атанып, Павлодар облысының әкімінен 14 млн. 900 теңгеге грант сертификатына ие болды.


    2013 жылы – Гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтижелер көрсеткені үшін Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат – «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2013» номинациясымен.


2014 жылы –облыстық конкурсында I орын алғаны үшін Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» марапатталды.


2014 жылы – Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең үздік нәтиже көрсеткені үшін Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат дипломмен марапатталды.


Рахимжанова Армангуль Сартайқызы

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей–интернат” ММ басшысы. Мемлекеттік тілде оқытатын мектепте жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Мұғалімдер инновациясы – 2004” облыстық фестивалінің лауреаты, ҚР БҒМ Құрмет грамотасының, “Дарын”республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасының, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» медалі иегері.


Жыл сайын мұғалімдер мен оқушылар қашықтық олимпиадаларға белсенді қатысады. Рейтинг қорытындысы бойынша Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты “Дарын” РҒПО кубогымен және II дәрежелі дипломмен марапатталды. Нәтижесінде Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты республикадағы ең үздік 10 зияткерлік мектептің қатарына енді.


2015 жылы – Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысында ең үздік нәтижелер көрсеткені үшін Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты «Ең үздік олимпиадалық команда – 2015» (ІI орын) номинациясымен марапатталады.


2016 год – Областной многопрофильный лицей-интернат для одаренных детей стал обладателем победителем в номинации «Лучшая олимпийская школа 2016» (І место)  по предметам общественно-гуманитарного цикла в Республиканской предметной олимпиаде.


2016 жылы – Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты «Мектептің оқу-материалдық базасын жаңа оқу жылына өте жақсы дайындағаны үшін» 2018 жылдың мамыр айының 25-не дейін сертификат берілді.


Лицей түлектері жыл сайын Қазақстанның және шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түседі, олар: НГТУ (Новосибирск қ), Институт автоматизации и систем управления – Южня Корея (Сеул қ), ИЭУ (Москва қ), МГТУ им. Н.Э. Баумана (Москва қ), АГУ (Барнаул қ) және т.б.

“Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты” – Павлодар облысының үздік білім беру мекемелерінің бірі. Жыл сайын лицей өзінің мәртебесін растайды

Бүгінде лицей-интернат – белсенді азаматтық ұстанымы бар зиярткелі, креативті тұлғаны қалыптастыру орталығы.