Қабылдау емтиханының нәтижелері 2022

“Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты” ММ әкімшілігі сіздерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі N 355 бұйрығымен бекітілген “Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының” (бұдан әрі – қағидалар) 5-тармағын орындау үшін Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылатынын хабарлайды
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады. Ереженің 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына:
- жергілікті өкіл, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
-жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;
-коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
-осы білім беру ұйымындағы әрбір параллельден бір ата-ана немесе оқушылардың заңды өкілі; -меценаттар (бар болса).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болу үшін «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты» ММ-не мына телефон арқылы хабарласу қажет: 686971, +7 707 650 9435.
Ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 1 ақпанынан 14 ақпанына дейін.
